'Танымал ертегілер' жинағының 'Батыл түйе' атты сериясы 8 ертек-аңыздан тұрады: "Алты түлкі", "Түлкі мен құмыра", "Батыл түйе", "Үш Аю", "Түлкі мен қоян", "Бөдененің құйрығы неге қысқа", "Тілазар көжек", "Көкқұтан мен бақа". Журнал керемет және қызықты бейнелермен сипатталған. Сатып алуға кеңес беремін👍
Баларды алуан түрлі жануарлармен таныстырды - үй жануарлары : тауық пен оның балапаны, түйе, таз ит, лақ пен қозы. Қарға мен бұлбұл, қасқыр, қарлығаш, аю мен арқар секілді орман мен таулы жерлерді мекендейтін құстар мен аңдар да бар. Әрбір жануар ерекше сипатталған
0 жастан бастап балаларға ата-аналары оқуға арналған бүктемелі кітапшалардың 'Бақшада не өседі сериясы'. Өте керемет жинақ, балаларды түрлі көкініс пен жеміс-жидектердің түрлерімен таныстырады, сонымен қатар әр жемістің астындағы 4 жолды өлең шумақтарының өзі де баланың уақтылы тілінің шығуына әсерін береді. 1-жасар балам кітап ішіндегі суреттерге сүйсініп қарайды, балама ұнайды. Сатып алуға кеңес берем
'Танымал ертегілер' жинағының 'Қорыққанға қос көрінеді' атты сериясы келесідей ертек-аңыздан құралады: "Әтеш пен тоты", "Ақымақ қасқырдың аш қалуы", "Қасқыр мен лақтар" "Қу түлкіге алданған ит пен бүркіт", "Қорыққанға қос көрінеді", "Жыл басына таласқа хайуанаттар", "Түлкі мен тырна". Керемет иллюстрациялар менен мәтін шрифтері, оқуға қолайлы
По скидке купить можно. Но иллюстрации сделаны не высокого качества, слишком большой формат для некачественной картинки. Текст написан по слогам, что вносит путаницу
Оте жаксы ертегилер. Уйыктар алдында окысаныз ерте уйыктайды. Озим де кызыгып окимын. Ертегилер магыналы, ой салатындай. Бизге унады. Сатып алуга кенес беремин.
Ата-аналардың балаларға оқуға арналған ертегілер жинағы, "Қасқыр мен егінші", "Ақ тиін мен қасқыр", "Сауысқан мен көкек", "Сылдырмақты көжек", "Флопси мен Банни", "Есектің қодығы", "Қайырымды қоян", "Қарға мен кірпі" жинақтары кіреді. Шрифттері жеткілікті түрде оқуға ыңғайлы, иллюстрациялары көп. 1 жасар балам суреттеріне қызыға қарайды. Сатып алуға кеңес берем☝️